Дәурен Жұмат пен Андрей Ферапонтов QFL Бірінші лигасында үздік деп танылды
Qazaqstan Football League 2024 жылдың маусымының қорытындысы бойынша, QFL Бірінші лигасының үздік ойыншысы мен бапкерін анықтады. 16 команданың қатысуымен өткен турнир 4 сәуір мен 25 қазан аралығында өтті. Нәтижесінде "Оқжетпес" клубы чемпион атанды.
Маусымның үздік ойыншысы ретінде "Оқжетпес" клубының 25 жастағы жартылай қорғаушысы Дәурен Жұмат танылды. Ол барлық ойындарға қатысып, 8 гол соқты. Сондай-ақ, Жұмат 14 нәтижелі пас беріп, турнирдің үздік ассистенті атанды және маусымның үздіктер құрамына енді.
“Маусымның үздік бапкері “ номинациясы “Оқжетпес “ клубының жаттықтырушысы Андрей Ферапонтовқа бұйырды. 49 жастағы маманның баптауымен көкшетаулық клуб турнирдің бес дүркін чемпионы атанып, жоғарғы дивизионның жолдамасын жеңіп алды. Көкшетаулықтар осы маусымда 20 рет жеңіске жетіп, ең ұзақ жеңіліссіз серияны (10 матч) тіркеді. Сонымен қатар, олар 16 ғана гол жіберіп, қорғаныста да өте сауатты ойнады. ”Оқжетпеске” маусымдағы ең ірі жеңістер (SD Family және ”Түркістан” ұжымдарын 7:0 есебімен жеңді) де тиесілі. Жалпы олар қарсылас қақпасына 61 гол соқты.
Челсидің жартылау қорғаушысы, Астанаға қарсы ойынға қатыспайды.