locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дорни Ромеро Доминикан Республикасының сұрмергендері арасынан Пералтаны басып озды

“Ақтөбе” футбол клубының шабуылшысы Дорни Ромеро Доминикан Республикасының құрамасындағы үздік сұрмергендер арасында екінші орынға көтерілді.

Футболшы соңғы ойындарда ұлттық құрамасы үшін ерекше нәтижелілік көрсетуде.

Жақында өткен матчтарда Ромеро Бермуд аралдары мен Доминика құрамаларына қарсы ойында гол соғып, командадағы үздік сұрмергендер тізімінде өз орнын жақсартты. Бұған дейін оның есебінде 11 гол болып, үшінші орында тұрған еді, бірақ соңғы нәтижелерінің арқасында ол 12 голы бар Доминго Перальтаны артта қалдырды.

Енді Ромероға құрама тарихындағы үздік сұрмерген атану үшін тағы 9 гол соғып, көшбасшы Джонатан Фаньяны басып озу қажет.

Қазіргі уақытта шабуылшының ұлттық құрама сапында 29 ойында, 13 гол соқты.