Дорни мен Эдарлин Уренья Ұлттар лигасы матчтарына Доминикан Республикасы құрамасына шақырту алды
Футбол
14 қара 2024 02:59
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: sedofutbol
Дорни Ромеро мен Эдарлин Рейес Уренья КОНКАКАФ Ұлттар лигасының матчтарына қатысу үшін Доминикан Республикасының құрамасына шақырту алды.
Доминикан құрамасының бас бапкері Марсело Невелефф Доминика мен Барбудаға қарсы өтетін матчтарға шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады. Құрамаға “Ақтөбе” шабуылшысы Дорни Ромеро мен “Елімай” ойыншысы Эдарлин Рейес Уренья енді.
ҚПЛ-2024 маусымының қорытындысы бойынша, Ромеро 23 матч өткізіп, бес гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Уренья “Елімай” сапында 15 матч өткізіп, екі гол соғып және алты нәтижелі пас берумен көзге түсті.
Танымал жаңалықтар