Дмитрий РАДЧЕНКО: "Қазақстан құрамасындағы кезең Станислав Черчесовтың имиджіне ешқандай әсер етпейді"
Бұрынғы футболшы Дмитрий Радченко Қазақстан құрамасында жұмыс істеу құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың имиджіне әсер етпейтінін айтты.
“Бұл бапкерлердің тағдыры, егер оң нәтиже болмаса, ол командадан кетуі мүмкін. Көптеген командаларда жақсы жұмыс істеген Станислав Саламовичтің деңгейін жақсы білеміз. Ал Ресейдегі әлем чемпионаты үлкен көрсеткіш. Мен Черчесов ұзақ уақыт жұмыссыз қалады деп ойламаймын. Бір команда сәтті жұмыс істей алады, ал екіншісі сәтсіздікке ұшырауы мүмкін. Бұл қалыпты жағдай. Сондықтан Қазақстан құрамасындағы кезең Станислав Саламовичтің имиджіне ешқандай әсер етпейді”, - деп келтіреді championat.com Черчесовтың сөзін.
Еске сала кетейік, 24 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясы Черчесовтың отставкаға кететіні туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Кейін қазақстандық спорт журналисі Әнуар Әбдірахманов ҚФФ бұл мәселе бойынша әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын айтты.
Хоккей
Бүгін 04:27
Хоккей
Бүгін 03:45
Футбол
Бүгін 03:27