locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Мәзір

Дмитрий Парфёнов: "Командамен бірге осындай жолды жүріп өттік!"

ФОТО:  sportplus.kazakhstan

“Ақтөбенің” бұрынғы бас бапкері Дмитрий Парфёнов 29 қыркүйекте Алматыда өткен “Атырау” мен “Ақтөбе” арасындағы Қазақстан Кубогының финалдық матчы туралы пікірін бөлісті. Матчта “Ақтөбе” 2:1 есебімен жеңіске жетті.

“Біз финалдық ойынға өз бастамамызбен ұшып келдік. Қалай келмейсің? Командамен бірге осындай жолды жүріп өттік! Сондықтан да, тыныш қана жігіттерді қолдау үшін келдік”, -деді Парфёнов.

Айта кетейік, Парфёнов “Ақтөбені” 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін басқарды. Оның басшылығымен команда Қазақстан Кубогының финалына шықты және Премьер-лигада (ҚПЛ) екінші орында тұрған еді.