Дмитрий ПАРФЕНОВ: “Біз ешқандай сылтау іздемейміз”
Ақтөбенің бас бапкері Дмитрий Парфенов ҚПЛ 19-туры аясында Елімайға қарсы өткен ойындағы жеңіліс туралы ойымен бөлісті
“Біз дайындалдық, жеңіс керек болды – бұл сұрақ болмады да. Матч жақсы басталды, бірінші гол соқтық. Жетістікті одан әрі дамытып, қорықпай ойнау керек болды. Бұл біздің қолдан келді. Алаңға кімді шығару керек болса соны шығардық. Біз ешқандай сылтау іздемейміз, бұл дұрыс емес. Біреулер төрешіге жаба салуы мүмкін. Кейбір сәттер болды, бірақ бұл сылтау емес. Бізде қателік көп болды. Немен байланысты екенін айта алмаймын. Ойынды жүргізетін ойыншылар қателік жіберді”, - деп жазады Парфеновтың сөзін KazFootball.kz порталы Ақтөбе баспасөз мәслихатына сілтеме жасап.
Еске салайық, Ақтөбе өз алаңында Елімайдан 1:3 есебімен жеңілді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52