Әділет Барменқұлов қылмыстық іс бойынша күдікті деп танылмады
Футбол
03 сәу 2025 02:08

Наурызбай Қанатұлы

Фото: kff.kz
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.
Бірақ аталған іс бойынша ҚФФ-ның бұрынғы президенті Әділет Барменқұлов күдікті деп танылмады.
Бұл туралы сенат кулуарында агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді:
«Барменқұловты күдікті деп таныған жоқпыз, оған айып тағылған жоқ», - деді ол.
Әділет Барменқұлов ҚФФ президенті қызметіне 2022 жылы тағайындалып, 2024 жылдың қараша айында бұл қызметтен кеткен болатын.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 06:03

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек