Әділбек Жұмаханов – Австриядан жеңіліс туралы: бүкіл Қазақстаннан халқынан кешірім сұраймыз
“Атырау” және Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әділбек Жұмаханов Ұлттар лигасының бесінші турында Аустрияға қарсы өткен матч жайлы пікірін білдірді, деп хабарлда Meta-ratings.kz.
- “Біз В дивизионында ойнаймыз, бұл оңай болмайтыны түсінікті. Қарсыластарымыздың деңгейі анық көрініп тұр. Өкінішке орай, жеңіліс таптық. Барлық Қазақстан халқынан кешірім сұрағымыз келеді. Келесі ойынға жақсы дайындаламыз. Келесі матчта жеңіске жетеміз деп сенемін. Өзімнің дебютімді бағалай алмаймын. Аллаға шүкір, алаңға шығуға мүмкіндік туды. Қазақстан футбол федерациясына және осындай қиын ойында маған сенім артқан бапкерлік штабқа алғыс айтамын. Ойынымды бас бапкер бағалауы керек. Бірінші таймда алаңға шығамын деп ойламаппын. Алайда бұл – құрама, біз кез келген сәтте ойынға дайын болуымыз керек. Бұл ойында кеткен қателерімізді талдап, жақсы нәтиже көрсету үшін Норвегияға қарсы дайындалуымыз керек”, – деді Жұмаханов.
Александр Марочкин алаңнан қуылғаннан кейін, бас бапкер Станислав Черчесов жас қорғаушыға мүмкіндік беруді шешті. Қазақстан құрамасы Алматыдағы Орталық стадионда Аустрияға 0:2 есебімен есе жіберді.
Хоккей
Бүгін 01:35
ММА
Бүгін 01:33
Басқа спорт түрлері
Бүгін 01:03