locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Дидар ҚАДЫРОВ: “Кенжебек жақсы командаға ауысты”

Дидар ҚАДЫРОВ: “Кенжебек жақсы командаға ауысты”
Sports.kz. Галымжан Кенжебек

Танымал комментатор Дидар Қадыров қазақстандық шабуылшы Ғалымжан Қанжебектің словакиялық "Кошицеге" ауысуы және құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу мүмкіндігі туралы пікірімен бөлісті.

"Жас ойыншыларға қатысты Черчесов клубтарда өздерін көрсету керектігін айтты. Кенжебек қазір БАҚ беттерінде. Ол жақсы командаға ауысты. Оның жаңа сынақтарға дайын болғаны жақсы. Әділбек Жұмаханов, Мейрамбек Қалмырза – бұған дейін Черчесов мән бермеген. Біздің футболға деген сенімді қалпына келтіру маңызды. Ұлттар лигасынан кейін, Еуродан екі қадам қалғанда сүрінгеннен кейін. Енді өз нәтижелерімізбен қызығушылықты жандандыру керек. Ол үшін топтағы үшінші және екінші орынға көтерілу керек. Уэльс пен Бельгияға тойтарыс беруге тырысу керек", — деп келтіреді 24.kz Қадыровтың сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, Ғалымжан Кенжебек "Кошицемен" 2027 жылдың 30 шілдесіне дейін келісімшартқа отырған.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie