locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Дешам:"Егер ойыншының бос уақыты болса, ол немен айналысатынын өзі шешеді"

ФОТО:  Getty images
Дешам: "Егер ойыншының бос уақыты болса, ол немен айналысатынын өзі шешеді"

Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам “Реалдың” шабуылшысы Килиан Мбаппенің Ұлттар лигасы аясында өткен Израиль – Франция матчы күні түнгі клубта болғаны туралы даулы жағдайға түсініктеме берді.

“Мбаппе түнгі клубта ма? Мен құрамда жоқ ойыншылардың жаңалықтарын бақыламаймын. Килиан ”Реалдың" медицина қызметкерлерінің бақылауында оңалту курсын өтіп жатыр.

Оның матч кезінде клубта болған-болмағанын білмеймін. Мен білетін жалғыз нәрсе – ол маған Израильге қарсы ойынның алдында хабарлама жіберді. Кез келген футболшы сияқты, ол өз кестесін ұстанады. Егер ойыншының бос уақыты болса, ол немен айналысатынын өзі шешеді", – деп келтіреді Дешамның сөзін RMC Sport.

Айта кетейік, Мбаппе қазан айында Франция құрамасының орналасу орнына келмей, бұл шешімін жарақаттан толық қалпына келгісі келетіндігімен түсіндірді.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie