Дереккөз: Ордабасыны молдаван Мартин баптауы мүмкін
Шымкенттік "Ордабасы" клубы команданың жаңа бапкерін анықтады.
"Серый CARDINAL" телеграмма-арнасының мәліметінше, шымкенттіктерді 50 жастағы Андрей Мартин баптауы мүмкін.
"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Шымкент клубының бапкерлік қызметіне Андрей Мартин келеді. Молдова маманы оңтүстіктіктермен жақсы таныс, өйткені оның "Петрокуб" командасы оларды Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде жеңді. Біздің "Ордабасы" дереккөзі бұл ақпаратты растап, келісімшартқа қол қою үшін кейбір формальдылықтарды шешу қалғанын атап өтті", - деп хабарлайды дереккөз.
Естеріңізге сала кетейік, "Ордабасы" клубы 2024 жылғы маусымды Қазақстан Премьер-лигасында 4-ші орында аяқтап, 24 ойында 42 ұпай жинады. Үздік үштікті түйіндеген "Ақтөбеден" шымкенттіктер бір ұпайға қалып қойды.
ММА
Бүгін 08:59