Дереккөз: Әлібек Қасым Астана сапына ауысуы мүмкін
Ұлттық құраманың және “Ақтөбе” футбол клубының қорғаушысы Әлібек Қасым “Астана” сапына ауысуы мүмкін, бұл жайлы goalkz_offical хабарлады.
Әлібек Қасым маусым басында Елордалық команда сапына ауысуы тиіс еді, алайда, “Ақтөбе” қорғаушысын өз құрамында сақтап қалды. Берілген ақпаратқа сенсек, “Астана” клубы қорғаушыға тағы да көз тігіп отыр. Алдағы қысқы маусымаралық трансферлік кезеңде Қасымды өз құрамына қосуы мүмкін.
Айта кетейік, Әлібек Қасым жазда “Елімай” сапына аттануы да мүмкін еді. Себебі, семейлік команданың бас бапкері Андрей Карпович, бұл қорғаушының ойынымен жақсы таныс.
Әлібек Қасым 2022 жылы сол кезде Андрей Карпович жаттықтырған “Қызылжар” клубынан 60 млн теңгеге “Ақтөбе” командасына ауысқан болатын.
Ағымдағы маусымда Премьер-лигада Қасым 21 матч өткізіп, төрт гол соқты.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52