Дереккөз: испандық Рауль Рианчо Ақтөбеде Игорь Леоновпен бірге жұмыс жасамақ
"Серый Cardinal" телеграм-арнасының хабарлауынша, "Ақтөбеден" Дмитрий Парфеновпен бірге Юрий Ковтун да кетеді, ал оның орнына ұлттық құрамада да, клуб құрылымында да тәжірибесі бар испан маманы келеді.
"Юрий Ковтун Парфеновтен кейін "Ақтөбеден" кетеді. Оның орнына Украина құрамасымен екі іріктеу кезеңін өткізген испан жаттықтырушысы келеді. Еуропалық бірнеше шет тілін біледі, бұл жаттықтырушылар штабы мен футболшылар арасында нақты байланыс орнатуға мүмкіндік береді" - "Серый Cardinal" телеграм-арнасы.
Бұл жерде Украина құрамасында Андрей Шевченкамен бірге жұмыс істеген 64 жастағы көмекшісі Рауль Рианчо туралы айтылуы мүмкін. Испандық Украина құрамасының штабында 2016 жылдан 2018 жылға дейін жұмыс істеді. Испандықтың соңғы жұмыс орны – "Спартак" болды. Ол онда бас жаттықтырушы Массимо Каррераның көмекшісі болған.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін "ақ-қызылдар" украиналық маман Игорь Леоновты команданың бас бапкері етіп тағайындағанын жариялаған болатын.
Баскетбол
Бүгін 07:08
Басқа спорт түрлері
Бүгін 07:04
Футбол
Бүгін 06:11