ДЕРЕККӨЗ. Черчесовтің отставкасы ҚФФ басшысының Тоқаевпен кездесуінен кейін нақты шешіледі
Станислав Черчесовтің ұлттық құраманың бас бапкер қызметінен кетуі мүмкін деген ақпарат БАҚ беттерінде қызу талқыға түсті. Бірақ бас жаттықтырушының мәселесі федерацияға жақын жүрген адамдардың дереккөзі бойы қаңтар айының орта тұсында шешіледі, деп хабарлады 1bol.kz сайты.
20 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясына Марат Омаров есімді жаңа президент келді. Ақпарат көзіне сенсек ол жұмысты аудиторлық тексерістен бастамақшы. Кейін қаңтар айындағы демалыстан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауына кіріп, жоспарын таныстыратын көрінеді. Осыдан соң Станислав Черчесовтің мәселесін шешпек.
Дереккөздер федерация басшылығы жаңа мамандарды қарастырып жатқанын жоққа шығармайды. Өйткені ресейлік маманның жұмысына Марат Омаровтың да көңілі толмайтын көрінеді. Бірінші кезекте бұрынғы басшылық тұсында жасалған келісімшартты тексеріледі. Бейресми ақпарат бойынша Черчесовті мерзімінен бұрын босатса, федерация 1миллион еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:27
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34