ДЕРЕККӨЗ: Бешікташ Зайнутдиновты РПЛ клубына сатуды ойластыруда
Türkiye Gazetesi басылымының хабарлауынша, Мәскеудің екі бірдей клубы — “Локомотив” және “Динамо” Қазақстан құрамасының футболшысы Бахтиер Зайнутдиновты өз қатарына қосуға қызығушылық танытып отыр.
Дереккөздің мәліметінше, клубтар Зайнутдиновты қысқы трансферлік терезеде сатып алуға талпыныс жасауы мүмкін. “Бешікташ” 26 жастағы ойыншының негізгі құрамда тұрақты орын ала алмағанын ескере отырып, сол қаптал қорғаушысын сатуға қарсы емес.
Түрік клубы Зайнутдинов үшін шамамен 4 миллион еуро алуды көздеп отыр. Ойыншының “Бешікташпен” келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген.
Еске сала кетейік, Бахтиер 2023 жылдың жазында Стамбұл клубына Мәскеудің ЦСКА командасынан 4,5 миллион еуроға ауысқан болатын.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20