locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Депай мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Депай мансабын Испания чемпионатында жалғастыруы мүмкін

Испаниялық "Райо Вальекано" голландиялық Мемфис Депайды қатарына қосқысы келеді. Бүгінгі күні, футболшы еркін агент.

Relevo спорт басылымының хабарлауы бойынша испаниялық клуб ойыншыны қатарына қосу үшін алғашқы жұмыстарды жасауда. Қос тарап жалақы мәселесі жайлы сөйлесуде. Футболшының өзі Мадридте қалғысы келеді, сондықтан Депай клубын ауыстыруға қарсы емес.

Өткен маусымда Мемфис "Атлетико" сапында өнер көрсетті. Голландиялық 31 ойын өткізіп, 9 гол және екі ассит берді. Еуро чемпионатында Депай өз құрамасында мүмкін барлық алты ойында ойнады. Ол екі рет көзге түсті: гол және нәтижелі пас.

Естеріңізге сала кетсек, "Райо Вальекано" ресми түрде 2014 жылғы әлем чемпионатының үздік сұрмергенін қатарына қосты.

"Аралар" Ла лигада екі ойын өткізіп үлгерді. Әзірге команда турнирлік кестеде төрт ұпаймен жайғасып тұр. Клубтың келесі ойыны 28 тамыз күні "Барселонаға" қарсы өтеді. Ойын 00:30-да басталады.