locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Демеу Жадыраевқа көрсетілген сый-құрмет

Демеу Жадыраевқа көрсетілген сый-құрмет

Олимпиада ойындарының грек-рим күресінен күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты туған қаласы ерекше құрметпен күтіп алды. Грек-рим күресшісі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылының тумасы болғандықтан Алматы облысының намысын қорғап жүр. Күміс жүлдегер иесін Алматы облысы мен туған жері сыйлыққа кеңелтті.

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Демеу Жадраевқа «Жетісу облысының Құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Әкім салтанатты шарада спортшының анасы Күлипа Бижановаға Жаркент қаласындағы жаңа үйдің кілтін табыс етті.

Спортшының туған жері Панфилов ауданы Олимпиаданың күміс жүлдегеріне Toyota Land Cruiser 300 көлігі мен 50 мың доллар ақшалай сыйлық табыстады. Алматы облысы әкімдігі Талғар қаласынан Демеуге 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Демеудің өзі ғана емес бапкерлері де таса да қалмады, спортшының алғашқы бапкері мен жеке жаттықтырушысына HAVAL автокөлігі сыйға тартылды.