locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Деклан Райс Лондон сән апталығында күтпеген жерден дебют жасады

Деклан Райс Лондон сән апталығында күтпеген жерден дебют жасады
ФОТО: IG Деклан Райс

Дүйсенбі күні Лондондағы сән апталығында «Арсеналдың» жартылай қорғаушысы және Англия құрамасының жұлдызы Деклан Райс алғаш рет сән сахнасына шығып, Labrumбрендінің 2025 жылдың көктем-жаз топтамасын ұсынды.

25 жасар футболшы өзінің клубының стадионы “Эмирейтсте” жұлдыздарға толы шоудың қонағы болып, сәнбикелермен қосылып, жаңа топтманы таныстырды.

Деклан өзінің сән сахнасындағы дебютінде тар жағалы, сәл еркін пішілген қою көк костюм киіп шықты, оның қанық көк түсі пиджактың стилін айқындайтын ақ түсті көркем өрнектер толықтырып тұрды. Образды қара-ақ түсті кроссовкалар, ақ жейде және шалбарының жоғарғы жағына бекітілген крем түсті бант толықтырды.

Декланның сән сахнасына шығуы оны сән әлемін жаулап алған футболшылардың қатарына қосты. Бұл саладағы алғашқы ойыншылардың бірі Дэвид Бекхэм болды.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie