Де Йонг 2025 жылы Барселонадан кетуі мүмкін: клуб өтемақы ретінде 18 млн еуро төлеуге дайын
"Барселона" Френки де Йонгтың 2025 жылдың жазында клубтан кетуі үшін 18 миллион еуро төлеуге дайын, деп хабарлайды Football Transfers.
Де Йонг 2019 жылдан бері каталондық клуб сапында өнер көрсетіп келеді және клуб ойыншыны сату бірнеше амалдар жасады. Ақпарат көздеріне сүйенсек, Де Йонг “Барселонадан” клуб оған толық қарыздарын қайтарса ғана кетеді. Коронавирус пандемиясы кезінде Френки де Йонг "Барселонаға" қаржылық қиындықтарды жеңуге көмектесу үшін 18 миллион еуро жалақысын алудан бас тартқан болатын. Енді клуб бұл соманы кейінге қалдырылған төлемдер арқылы өтеуге дайын.
Де Йонгтің "Барселонамен" қазіргі келісімшарты 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Жартылай қорғаушы көктемнен бері жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52