ДЕРЕККӨЗ. QFL президенті қызметіне тағайындалуы мүмкін
Расталмаған ақпаратқа сәйкес, 43 жастағы қазақстандық маман Давид Лория Qazaqstan Football League (QFL) президенті қызметіне кандидаттығы қарастырылып жатыр, деп хабарлады KazFootball.kz.
Бүгін, 24 желтоқсанда, Ғани Қайназаров QFL президенті қызметінен кетті және бұл орынға Давид Лория тағайындалуы мүмкін.
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қақпашысы мансабын аяқтағаннан кейін футбол саласында дамуын жалғастырып, UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players бағдарламасы бойынша білім алған. Лория сонымен қатар "Астана" футбол клубының құрылымында жұмыс істеді. Сонымен қатар, ол "AMANAT" партиясынан Астана қаласының VIII шақырылымдағы мәслихат депутаты және Астана қаласының футбол федерациясының президенті.
РЕСМИ: Ғани Қайназаров – ҚФФ Ұлттық құрамалар департаментінің жаңа директоры.
Футбол
Бүгін 06:40
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:27
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34