locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Даулы матчтан кейін ағылшындық төреші алдағы ойындардан шеттетілді

ФОТО:  Getty images
Даулы матчтан кейін ағылшындық төреші алдағы ойындардан шеттетілді

Төреші Энтони Тейлор алаңда даулы шешімдерге байланысты жанжалдарға жиі қатысады, бірақ бұл жолы ағылшын футбол билігі төрешіні жанкүйерлердің шабуылынан қорғауға мәжбүр.

14 қыркүйекте Тейлор “Борнмут” пен “Челси” арасындағы матчқа төрелік етіп, 14 сары қағаз берді және бұл ағылшын премьер-лигасында жаңа рекорд болып тіркелді.

Тейлордың төрелік еткен ойыны даулы болғаны сонша, екі команда да бұл іске разы емес , ал Энтони әлеуметтік желілерде жанкүйерлер тарапынан сынға алынды. Іс тіпті қоқан-лоққыға дейін жетті, ал футбол қауымдастығының басшылығы Тейлорды төрешіліктен уақытша шеттету туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұл Тейлорға қатысты бірінші жанжал емес: 2023 жылғы Еуропа лигасының финалында ол “Севильяның” айып алаңында қолмен ойнағаны үшін “Ромаға” пенальти бермеген, ал 2022 жылы “Челсидің” ойыншысы Марк Кукурелланың шашын тартқаны үшін “Тоттенхэмнің” қорғаушысы Кристиан Ромероны алаңнан қумады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ПСВ Перишичтің ауысқанын ресми түрде жариялағанын хабарлаған едік.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie