Дастан аяқталды. «Барселона» мен «Монако» Ансу Фатидің трансферіне келісті
Каталондықтардың ойыншысы «Монакоға» жалға беріледі
Футбол
24 мау 2025
16:05

Нұрбақыт Қадырбаев
Редактор

ФОТО: Getty Images
«Барселонаның» ойыншысы Ансу Фати сатып алу мүмкіндігімен «Монакоға» жалға беріледі, деп хабарлайды беделді журналист Фабрицио Романо.
Инсайдердің айтуынша, клубтар соңғы келісімшарттың барлық шарттары бойынша келісімге келді. Монегасктар 22 жастағы вингерді сатып алу мүмкіндігімен жалға алады. Бірақ алдымен каталондық клуб ойыншымен келісімшартты ұзартады.
Сондай-ақ Фати 25 маусымда Монакоға ұшып, аптаның соңына дейін барлық медициналық процедуралардан өтетіні хабарланды.
Бұған дейін «Барселона» «Монаконың» трансфер бойынша бірінші ұсынысынан бас тартқан болатын. Ол кезде монегасктар ойыншының жалақысын толық өтемейтін келісімді ұсынды.
Танымал жаңалықтар

Бокс
Бүгін 17:10

Бокс
Бүгін 15:45

Футбол
Бүгін 12:07
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек