Данияр Үсенов «Ақтөбе» сапына ауысты
Футбол
06 сәу 2025 00:16

Наурызбай Қанатұлы

Фото: Instagram: daniyarussen
Қостанайлық «Тобыл» клубының жартылай қорғаушысы Данияр Үсенов «Ақтөбе» футбол клубының ойыншысы атанды
Жартылай қорғаушыны ақтөбелік клуб жыл соңына дейін жалға алды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
«Ойыншы бұған дейін «Қайрат», «Каспий», «Жетісу» клубтарында ойнады. Биыл «Тобыл» құрамына ауысты. «Ақтөбе» ФК ұжымы қостанайлық клубпен келісім аясында ойыншыны жалға алынғанын хабарлайды», - деп жазды «ақ-қызылдардың» баспасөз қызметі.
Футболшы «Ақтөбе» ФК сапында 29-нөмірмен өнер көрсететін болады.
Танымал жаңалықтар
Барлық жаңалықтар
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек