locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дани Ольмо бүгін ойнамайды. Клуб оны тіркеуге үлгермейді

Дани Ольмо бүгін ойнамайды. Клуб оны тіркеуге үлгермейді

«Барселона» бүгінгі ойынға Дани Ольмоны тіркей алмайды.

«Барселона» Дани Ольмоны тіркегені жайлы ресми мәлімдеме жасай алмайды. Ол «Атлетикке» қарсы ойында жаңа клубына көмектесе алмайды.Себебі, клуб әлі жартылай қорғаушыны негізгі команда ойыншысы ретінде тіркей алмады.

Естеріңізге сала кетейік, «Барселона» Дани Ольмоны «Атлетикпен» матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне қосты, бірақ оның есімін жұлдызшамен белгіледі, клуб ойыншыны тіркеу үшін әлі де Ла Лигадан рұқсат күтуде.

Каталондық клуб жалақы қорын босатуда қиындықтарға тап болды және бұл олардың жазда 55 миллион еуроға сатып алған команданың жаңадан келген жұлдызын тіркеуге кедергі жасауда.