locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Дани Карвахаль өзін маусымды тамаша өткізді және «Алтын допқа» үміткер болуға лайық деп санайды

Дани Карвахаль өзін маусымды тамаша өткізді және «Алтын допқа» үміткер болуға лайық деп санайды

Мадридтік «Реалдың» және Испания құрамасының қорғаушысы Дани Карвахаль «Алтын Доп» жайлы өз пікірін айтты. Ойыншының айтуынша, ол маусымды өте жақсы өткізді деп санайды және бұл жүлдені жеңіп алса, тамаша болар еді.

«Алтын доп? Өткен маусым мен үшін тамаша болды. Неліктен мен бұл сыйлыққа үміттенбеуім керек? Алтын Допты жеңіп алу тамаша сәт болар еді. Дегенмен, үміткерлер тізіміне кіру де үлкен жетістіктің бірі», - деді “Реал Мадридтің” вице-капитаны.

Естеріңізге сала кетейік, 17 қазанда Парижде «Алтын допты» табыстау рәсімі өтеді. Біз бұған дейін осы марапатқа үміткер 30 үздік ойыншының тізімін жариялаған болатынбыз.