Чондрич пен Калаица Виторияға қарсы ойында Астананың үздік ойыншылары деп танылды
Футбол
29 қара 2024 01:02
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
Фото: Астана ФК
Белгілі аналитикалық портал SofaScore Конференция лигасының негізгі кезеңінің 4-турындағы “Астана” мен “Витория Гимарайнш” (Португалия) арасындағы матчқа ойыншылардың бағасын жариялады. Бұл матч 1:1 есебімен аяқталды.
“Астана” құрамында үздік ойын көрсеткен Йосиф Чондрич пен Бранимир Калаица болды, олардың бағасы – 7,9.
Матчтың ең үздік ойыншысы болып португалиялық клубтың жартылай қорғаушысы Тьягу Силва танылды, ол 8,2 баға алды.
Айта кетейік, “Астана” төрт турдан кейін Конференция лигасының жалпы турнирлік кестесінде 4 ұпаймен 23-орынға көтерілді.
Танымал жаңалықтар