locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

ЧЛ-дан тыс қалған «Бавария» алтын үшін күресті жалғастырады: Кейн чемпиондыққа сенеді

Футбол 17 сәу 2025 04:30
Арсен Алиев
Арсен Алиев
Редактор
ЧЛ-дан тыс қалған «Бавария» алтын үшін күресті жалғастырады: Кейн чемпиондыққа сенеді
ФОТО: Getty Images

Мюнхендік «Бавария» клубының шабуылшысы Харри Кейн командасының Чемпиондар лигасынан шығып қалуына қатысты пікір білдіріп, енді негізгі назардың Германия чемпионатына аударылатынын айтты.

«Сен «Бавария» ойыншысы болған кезде, әрдайым ЛЧ-ның кем дегенде жартылай финалына немесе финалына шығуды күтесің. Біз турнир барысында біртіндеп қарқын алып, әлемнің кез келген командасын жеңе алатынымызды сезіндік. Бұл – ауыр сәт, бірақ бұл – футбол. Осы жеңілістің бүкіл маусымды жоққа шығаруға жол бермеуіміз керек. Алда тұрған маңызды міндет - Бундеслига титулын Мюнхенге қайтару. Бірнеше күннен кейін келесі ойын, енді жиналып, жеңісті жолға қайта оралуымыз қажет», – деді Кейн Bayern & Germany басылымына берген сұхбатында.

2024/25 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының ширек финалында «Бавария» қос ойын қорытындысы бойынша италиялық «Интерге» 3:4 есебімен жол берді.

Соған қарамастан, мюнхендік клуб Бундеслигада көш бастап тұр: 29 турдан кейін команда 69 ұпай жинап, екінші орында тұрған «Байерден» алты ұпайға озып келеді. Маусымның аяқталуына бес тур қалды.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie