locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чинеду: "Біз күн өткен сайын ойынымызды қалай жақсарту керектігі жайлы ойлануымыз керек"

Чинеду: "Біз күн өткен сайын ойынымызды қалай жақсарту керектігі жайлы ойлануымыз керек"

«Астананың» нигериялық шабуылшысы Джеффри Чинеду ҚПЛ 20-шы турында «Қызылжарға» қарсы өткен (2:1) жеңісті ойында соғылмаған пенальтиге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ,Meta-ratings.kz.

Пенальти бұл – лотерея. Дегенмен пенальтиді орындау керек, мен өткен апта бойы өз соққы жасап жаттықтым. Бүгін қақпашы екі соққыны қайтара алды. Қарсылас жақсы ойнады, бірақ бұл жағынан біз жақсырақ бола аламыз. Біз күн өткен сайын ойынымызды қалай жақсарту керектігі жайлы ойлануымыз керек », - деді Чинеду.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» Джеффри Чинедудың дубльінің арқасында жеңіске жетті. Ал, «Қызылжар» сапынан Алексей Щебетун жалғыз голдың авторы атанды. Бірінші таймның 44-минутында Чинеду пенальтиді орындай алмады. Екінші таймда Усман Камарада да осындай жағдай орын алып, ол да пенальтиден гол соға алмады.