locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікірлерді қалдыру үшін\n кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Чилуэлл Кристал Пэласқа, Гонсалес Ман Ситиге, Тель Тоттенхэмге: маңызды трансферлер

Чилуэлл Кристал Пэласқа, Гонсалес Ман Ситиге, Тель Тоттенхэмге: маңызды трансферлер
ФОТО: Instagram

Англия құрамасының қорғаушысы Бенджамин Чилуэлл маусым соңына дейін "Кристал Пэлас" сапында жалға ойнайды. Ливерпульдық клуб оның "Челсиден" уақытша ауысқанын ресми түрде жариялады.

"Порту" клубының жартылай қорғаушысы Нико Гонсалес мансабын "Манчестер Ситиде" жалғастырады. Англия чемпиондары 23 жастағы испаниялық ойыншымен 2029 жылға дейін келісімшарт жасасты. Transfermarkt порталы бұл трансфердің құнын 60 миллион еуроға бағалап отыр.

Мюнхендік "Баварияның" шабуылшысы Матис Тель уақытша "Тоттенхэмге" ауысты. Жас ойыншы ағылшын клубында маусым соңына дейін жалға ойнайды.

Италияның "Фиорентина" клубы "Ювентустың" жартылай қорғаушысы Николо Фаджолидің ауысқанын растады. Ол жаңа клубында жалға өнер көрсетеді.

"Астон Вилла" өз құрамын "Челсидің" қорғаушысы Аксель Дисасимен толықтырды. Франциялық футболшы бирмингемдік командада маусым соңына дейін ойнайды.

Жозе Моуриньо баспасөз мәслихатында аудармашыны қатесі үшін ұрды

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie