locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чиканчи: "Қазақ футболына қатысы барлардың бәрі инфрақұрылым жоқ деп айтады"

Чиканчи: "Қазақ футболына қатысы барлардың бәрі инфрақұрылым жоқ деп айтады"

«Қызылжар» мен «Жетісудың» бұрынғы шабуылшысы Максим Чиканчи ҚПЛ-дағы инфрақұрылым туралы өз пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.

–ҚПЛ-да ойнаған көптеген шетелдік ойыншылар инфрақұрылым мен тікелей көрсетілімдерді сынға алады. Бұл туралы не айта аласыз?

«Мен бәрі жақсы деп айта алмаймын. Қазақ футболына қатысы барлардың бәрі инфрақұрылым жоқ деп айтады. Алматыдан басқа футбол стадиондары да, табиғи көгалдар жоқ. Көрсетілімге келетін болсақ, сапасы нашар болғанымен, сіз әлі де көруге тырысып көріңіз. Тағы да, бұл тақырыпта көп нәрсе айтуға болады, бірақ мен негативті пікірді ұнатпаймын. ҚПЛ-да көптеген жағымды нәрселер бар және біз сол нәрселер жайлы ацтуымыз керек »,-деді Чиканчи.

Естеріңізге сала кетейік, шабуылшы осы жазда «Жетісу» сапынан кетті. Максим қазір туған жері Ресейге қайта оралып, костроманың «Спартак» клубында өнер көрсетеді.