Чесноков тағы да топта. Екінші турдан кейінгі орташа рейтингі бойынша ҚПЛ үздік ойыншылары
Футбол
10 нау 2025 07:56

Нұрбақыт Қадырбаев

ФОТО: ФК Тобыл
Кеше Қазақстан Премьер-лигасының екінші тур ойындары аяқталды. Sofascore статистикалық порталы орташа рейтингі бойынша үздік ойыншылардың тізімін жариялады.
Ислам Чесноков өткен маусымның үздік ойыншысы атағын растап, 8,35 орташа рейтингімен тізімде көш бастады. “Ұлытаумен”(2:0) өткен алғашқы ойында 1+1 есебімен гол соқты. Ал сенбі күні “Жеңіспен” (0:0) сырт алаңда өткен ойында командасына 1 ұпай әкелді.
1-ші турдың үздік ойыншысы Шохбоз Умаров жарақатына байланысты “Тұран” - “Ақтөбе” (1:2) ойынына тіркелмегендіктен, рейтингтегі орнын жоғалтты.
- Сондай-ақ оқыңыз: 2-турдан кейінгі Қазақстан чемпионатының турнир кестесі
Орташа рейтингі бойынша ҚПЛ үздік 10 ойыншысы:
- Ислам Чесноков - “Тобыл”, 8,35;
- Дмитрий Непогодов - “Ұлытау”, 7,9;
- Матеус Барбоза - “Атырау”, 7,65;
- Гиорги Зариа - “Қайрат”, 7,65;
- Офри Арад, - “Қайрат”, 7,65;
- Серікжан Мужықов - “Елімай”, 7,6;
- Алекса Аманович - “Астана”, 7,5;
- Дәурен Жұмат - “Оқжетпес”, 7,45;
- Кристиан Новак - “Жеңіс”, 7,45;
- Роман Асранқұлов - “Тобыл”, 7,45.
Танымал жаңалықтар

Футбол
Бүгін 16:00

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек