Чесноков пен Уразбахтин – ҚПЛ-дың қазан айындағы үздік ойыншысы және бапкері
Qazaqstan Football League қазан айының қорытындысы бойынша ұлттық чемпионаттың үздік футболшысы мен жаттықтырушысын таныстырды.
Ойыншылар арасындағы номинацияның жеңімпазын турнирге қатысушы клубтардың капитандары мен жаттықтырушылары анықтады, ал команда бапкерлері айдың үздік жаттықтырушысына дауыс берді.
Қазан айында ҚПЛ үздік ойыншысы Тобыл шабуылшысы Ислам Чесноков деп танылды. Ол өткен айда Қостанай клубының барлық ойындарында ойнады, бір голмен ерекшеленді. Бұл сыйлықты 24 жастағы жартылай қорғаушы маусымда үшінші рет жеңіп алды.
Екінші күз айының қорытындысы бойынша үздік жаттықтырушы болып 45 жастағы маман Рафаэль Уразбахтин танылды, оның басшылығымен Қайрат қазан айында екі жеңіске жетіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Бұған дейін Әділет Барменқұлов ҚФФ-дағы өкілеттігін ресми түрде аяқтағаны хабарланған болатын.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49