Черчесов:"Негізгі міндет – келесі қарсылас. Бұл кезеңде басқа міндеттемелер жоқ"
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команда алдында тұрған міндеттер туралы өз ойымен бөлісті:
«Алдыма қандай міндет қойылса да, түптеп келгенде оларды шешу менің қолымда. Бұл мақсаттарды белгілі бір дәрежеде және олар жайлы мен өзім тұжырымдаймын. Негізгі міндет – келесі қарсылас. Бұл кезеңде басқа міндеттемелер жоқ. Ештеңе өзгерген жоқ. Әлем және Еуропа чемпионаттарына келетін болсақ, біз өз топтарымызды да білмейміз. Біз не туралы сөйлесе аламыз?Тек Бразилия, Германия немесе Франция сияқты құрамалар ғана қарсыластарына қарамай ғана жаһандық мақсаттарды қоя алады.Ал біз команданы ретке келтіру үшін бірте-бірте, кезең-кезеңімен қозғалуымыз керек. Бір өз кезегімізде Исландияның, Грузияның және Албанияның жасағанына ұмтылуымыз керек. Біз олар сияқты жасауымыз керек», - деді бапкер. Черчесов сөзін Match TV жеткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы Ұлттар Лигасы аясында алдымен Норвегиямен тең ойнап (0:0), кейін Словениядан (0:3) сырт алаңда жеңіліске ұшырады. Ұлттар лигасының келесі ойындары қазан айында өтеді, онда Қазақстан құрамасы Австрия және Словениямен кездеседі.
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20
Басқа спорт түрлері
Бүгін 02:49