"Черчесовқа мүмкіндік беру керек": Танасиевич Қазақстан құрамасының болашағы туралы
Мәскеулік “Динамо” клубының бұрынғы ойыншысы Йован Танасиевич Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовқа уақыт беріп, жұмысты жалғастыруға мүмкіндік беру керек екенін айтты. Ол сондай-ақ қазақстандық футболдың негізгі мәселелерінің біріне тоқталды.
“Черчесов өзінің жоғары деңгейлі маман екенін әлдеқашан дәлелдеген. Ол Мажарстан чемпионатын жеңіп алып, Ресей құрамасымен үлкен жетістіктерге жетті. Ол – тәжірибесі мол бапкер. Адиев кезінде Қазақстан құрамасының нәтижелері өзгеше болғаны рас, бірақ футболда көп нәрсе ойыншылардың сол күнгі немесе белгілі бір кезеңдегі жағдайына байланысты. Менің ойымша, бұл сәтсіздік деп айтуға келмейді. Черчесовқа мүмкіндік беру керек. Ол Қазақстан құрамасымен жұмысын жалғастыруы тиіс деп есептеймін. Әлем чемпионатына іріктеу топтарының қандай болатынын уақыт көрсетеді. Себебі көп нәрсе қарсыластарға байланысты. Қазақстан сияқты құрамалар кейде жетістікке жетеді, бірақ көбінесе нәтиже болмайды. Құраманың 80 пайызы Қазақстанда ойнайды, ал елдегі футбол инфрақұрылымы әлі де жеткілікті деңгейде емес. Мұндай жағдайда бапкер қайдан мықты ойыншылар табады?” – деді Танасиевич РБ СПОРТ-қа берген сұхбатында.
Айта кетейік, Станислав Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында 6 матчтың 5-еуінде жеңіліс тауып, С дивизионына төмендеді.
Хоккей
Бүгін 04:02
Басқа спорт түрлері
Бүгін 03:34
Формула-1
Бүгін 02:34