Черчесов Рамазан Оразовтың құрамаға шақырту алмағаны жайлы: "Ұлттық құрама созылмалы емес"
Ұлттық құрама командасы Ұлттар лигасындағы топтық матчтарға Аустрия және Норвегия құрамаларымен дайындалып жатыр. Алайда, құраманың бір ойыншысы – Рамазан Оразов тізімде жоқ. Бұл туралы Станислав Черчесов түсініктеме берді.
“Оразов бізде оқу-жаттығу жиынында болған, қазір өз клубында. Соңғы уақытта ол ойынға шығып жүрген жоқ, бір кездесуде тіпті қосалқы құрамда да болмады. Соңғы матчта тек 4-5 минутқа ғана шықты. Бүгінгі жағдай осындай. Тапалов жоқ болған еді, енді ол қайтадан шақырылды. Біз тек футболдық мәселелерге назар аударамыз, астарлы нәрсе іздеудің қажеті жоқ. Самородовты мысалға келтірсек, ол соңғы ұлттық құраманың матчында ойнамады, бірақ үнемі “Ахмат” сапында ойнап жүр. Сондықтан ол қазір ұлттық құрамаға шақырту алды. Біз жас ойыншыларға мүмкіндік береміз. Ұлттық құрама созылмалы емес. Жағдайға байланысты шешім қабылдаймыз”, – деді Черчесов журналист Қасымжан Мұқатаевқа берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып 3 маусымда тағайындалды. 61 жастағы маман әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінің соңына дейін келісімшартқа қол қойып, оны тағы екі жылға ұзарту мүмкіндігіне ие болды.
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20