Черчесов құраманың жаңа ойыншылары жайлы: "Олар жаттығуларға үлкен ықыласпен қатысты"
Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Аустрияға қарсы Ұлттар лигасы ойынының алдындағы баспасөз мәслихатында команданың жаңа ойыншылары туралы пікір білдірді.
“Шушеначев кеше бізбен бірге жаттығу өткізді, бүгін тағы бір жаттығуы бар. Біз онымен танысып үлгердік, оны әрі қарай зерттейміз. Бұрынғы ойындары арқылы оның қабілеттерін білеміз, енді ол жаңа клубта ойнайды. Ал басқа жаңадан қосылған ойыншыларға келетін болсақ, олар жаттығуларға үлкен ықыласпен қатысып, тапсырмаларды орындап, ұжымға тез сіңіп кетті. Бұл тұрғыда ешқандай шағым жоқ,” — дейді бапкер. Черчесовтың сөзін Meta-ratings.kz келтіреді.
Еске сала кетейік, Аустрия мен Қазақстан арасындағы матч 10 қазан күні Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52