locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Черчесов – Пайруздың дебюті жайлы: “Жан Алидің бүгін ойнағанына өте қуаныштымын”

Футбол 13 қаз 2024 14:21
Павлив Никита
Павлив Никита
sports24 сарапшы
Фото: KFF (Kazakhstan football federation)
Черчесов – Пайруздың дебюті жайлы: “Жан Алидің бүгін ойнағанына өте қуаныштымын”

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов семейлік “Елімай” командасының жартылай қорғаушысы Жан Али Пайруздың Словенияға қарсы өткен бүгінгі матчтағы (0:1) дебютіне қатысты пікір білдірді.

“Оның бойында лайықты қасиеттер бар, бірақ бүкіл ойын бойы қозғалыс жетіспейді. Ол ойында креативті сәттер жасай алатын ойыншы. Тағы да айтайын, қарсылас бізге мұндай мүмкіндік бермеді. Жан Алидің ойнағанына өте қуаныштымын”, – деді Черчесов.

Еске сала кетейік, ресейлік Станислав Черчесовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының төртінші турында Словениядан 0:1 есебімен өз алаңында жеңілді. Осы матчта екі ойыншы – Жан Али Пайруз және Асхат Балтабеков өз дебюттерін өткізді. Екі футболшы да екінші таймда алаңға шықты.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie