locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Черчесов Холландты тоқтатқан қазақ ойыншыларын атады

Фото: Алихан Сариев

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Норвегия шабуылшысы Эрлинг Холландты тоқтатқан құрама ойыншыларын атадв.

"Мен ойын алды айттым, Холландқа қарсы қару ол біздің ойыншылар. Марочкин, Қасым, Әліп онымен сәтті күресті. Олар біз талап еткенімізді орындады. Жігіттер Холландқа бос кеңістік бермеді.

Екінші жағдай - Норвегия құрамасы Холландты ойынға қоса алмады. Холланд бағанаға тиген сәтте біз көз жазып қалдық. Жолымыз болды. Бұл ойын біздің ойыншыларға сенімділік береді деп үміттенемін", - деп хабарлайды Meta-ratings.

Естеріңізге салсақ, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының бірінші турында Норвегиямен 0:0 есебімен тең ойнады. Ұлттық құрама келесі ойынын сырт алаңда 9 қыркүйек күні Словенияға қарсы өткізеді.