Черчесов Қазақстан мен Ресей құрамаларының мүмкін болатын кездесуі туралы пікір білдірді
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазіргі уақытта Ресей құрамасының жағдайына баға беріп, Қазақстан мен Ресей ұлттық құрамалры арасындағы кездесудің мүмкіндігін де бағалады.
"Ресей құрамасы қандай деңгейде? Оны айту қиын. Ең бастысы, ұлттық құраманың институты бар. Ресей ұлттық командасының қарсыластарын сынауды тоқтатуды сұрар едім. Бұл дұрыс емес. Ойындар бар. Деңгейді салыстыруға мүмкіндік болады, егер Еуропаға жол ашылса, және біз тағы да жақсы қарсыластармен кездесетін болсақ. Бесков айтқандай: "Барлығы салыстыру арқылы танылады".
Қазақстан құрамасы Ресеймен қашан кездеседі? Оны мен білмеймін. Қашан ойнайтынымызды анықтау керек", - деді Черчесов "РБ Спорт" басылымына берген сұхбатында.
Белгілі болғандай, Ресей клубтары мен ұлттық командалары 2022 жылдың ақпанынан бастап ФИФА мен УЕФА-ның арнайы шешімімен халықаралық жарыстардан шеттетілген.