Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасынан кетуі жайында сөз қозғады
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Федерация президенті Адлет Барменкуловтың қызметінен кеткеннен кейін ұлттық құрамадан кету мүмкіндігі жайлы сұраққа жауап берді.
“Біз ешқашан келісімшартқа жабысып қалмаймыз. Біздің президентіміз жақсы жұмыс атқарды, мен оның қандай адам екенін, қалай еңбек еткенін және барынша тырысқанын білемін. Әр адамда қателіктер болады. Мен орынсыз сұрақтар қоймаймын, мен үлкен адаммын. Неліктен оның кеткенін, мен білмеймін. Маңыздысы – қабылданған шешімдердің сапасы.
Қандай қатынастар болмасын, Адлет Барменкуловпен емес, менің келісімшартым Қазақстан футбол федерациясымен. Жаңа басшылық келсе? Мен "егер" деген сөзді қабылдамаймын”, – деп мәлімдеді Черчесов Vesti.kz порталына.
Черчесов Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ретінде төрт ойын өткізіп, бір де бір рет жеңіске жетпеді. Соңғы ойынның нәтижесінде Қазақстан Ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасында Словениядан 0:1 есебімен жеңілді.
Келесі матчта Қазақстан құрамасы Австриямен кездеседі. Ойын 14 қарашада өтеді.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52