Черчесов Аустрияға қарсы ойын алдында Қазақстан құрамасының мәселелерін атап өтті
Черчесов Қазақстан құрамасының Аустрияға қарсы Ұлттар лигасы матчына дейінгі мәселелерін айтты.
Ұлттық құраманың бас бапкері командаға жолда 15 сағаттан астам уақыт өткізуге тура келгенін атап өтті.
“Жігіттер бар ынтасымен жұмыс істеді. Біз Қазақстаннан ұшып келдік, 15-16 сағат жол жүріп, бірден жаттығу өткіздік. Дегенмен, бірнеше ойыншы командаға екі күн бұрын ғана қосылды. Бүгін олардың алғашқы жаттығуы өтеді. Олар Түркия мен Ресейде ойнайтын легионерлеріміз. Олардың қандай жағдайда екенін түсінуіміз керек. Бүгін дәрігерлермен сөйлесіп, шешім қабылдаймыз”, — дейді бас бапкер. Черчесовтың сөздерін Meta-ratings.kz келтіреді.
Еске сала кетейік, Аустрия мен Қазақстан арасындағы матч 10 қазанда Астана уақытымен 23:45-те басталады.
Теннис
Бүгін 11:30
Бокс
Бүгін 09:29
Теннис
Бүгін 08:52