Черчесов Аустрияға қарсы матч жайлы: "Линцтегі матчқа қарағанда мүлдем өзгеше ойын болады"
Футбол
13 қара 2024 00:21
Аружан Темірбек
sports24 сарапшы
ФОТО: Getty images
Қазақстан ұлттық футбол құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі алдағы ойындар туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.
“Линцтегі матчқа қарағанда мүлдем өзгеше ойын болады. Бұл жолы аустриялықтар бізге ұзақ жол жүріп келуге мәжбүр. Бір ай бұрын өткен кездесуде біз жаман ойнаған жоқпыз, бірақ бірнеше ірі қателіктерге жол бердік”, - деп келтіреді Черчесовтың сөзін Kicker.de басылымы.
Ұлттар лигасының төрт турынан кейін Қазақстан құрамасы бір ұпаймен топта соңғы орында тұрақтады, ал Аустрия, Норвегия және Словенияның еншісінде жеті ұпайдан бар.
Қазақстан мен Аустрия арасындағы матч 14 қарашада Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Танымал жаңалықтар
Футбол
Бүгін 07:38
Басқа спорт түрлері
Бүгін 05:25
ММА
Бүгін 03:20