locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Черчесов Аустрия құрамасы жайлы: "Үлкен турнирден кейін эмоциялар сәл бәсеңдейді"

ФОТО:  Getty images

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Аустриямен алдағы матч оның командасы үшін үлкен сынақ болатынын атап өтті.

“Аустрияға қарсы матчта біздің мүмкіндіктеріміз қандай? Мектепте мен математикадан жақсы оқыдым, есептеуде де жақсы болатынмын. Дегенмен, пайыздарды есептеу менің ісім емес. Бірақ, әрине, біз өзімізді жақсы көрсетуге тырысамыз. Қағаз жүзінде қарағанда, Аустрия құрамасы басқа деңгейде. Олар Еуропа чемпионатында тамаша өнер көрсетті, олардың аты бүкіл жерде айтылып жүрді.

Мен мұны өз тәжірибемде бастан өткердім. Үлкен турнирден кейін эмоциялар сәл бәсеңдейді. Бұл өте қалыпты жағдай. Акциялар да әрдайым өсе бермейді”, – деді бас бапкер.

Айта кетейік, Аустрия мен Қазақстан құрамалары арасындағы Ұлттар лигасы аясындағы матч 10 қазан күні Линц қаласында өтеді. Ойын Астана уақытымен 23:45-ке жоспарланған.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie