locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Мәзір

Черчесов қалжыңы үшін жазаланды: “Сен французша сөйлеп тұрсың ба?”

Футбол 16 қаз 2024 10:05
Марлен Аманов
Марлен Аманов
sports24 сарапшы
ФОТО:  Getty images
Черчесов қалжыңы үшін жазаланды: “Сен французша сөйлеп тұрсың ба?”

КФФ басшысы Әділет Барменқұлов Станислав Черчесовтың қазақ тіліне қатысты айтқан қалжыңы үшін қолданылған шаралар туралы пікір білдірді.

Словениямен өткен матчтан кейін Черчесов журналистің қазақша сұрағына: “Сен қазір французша сөйлеп тұрсың ба?” деп жауап берген болатын. КФФ баспасөз қызметі түсіндірме видеоны жариялады.

Барменқұловтың айтуынша, бапкермен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік тілге құрметсіздік танытқаны үшін айыппұл салынған.

“Қателіктер бар, біз кеше ғана журналистермен бұл туралы сөйлестік. Черчесовтың қалжыңы, әрине, шектен шықты. Мен онымен жеке сөйлестім, мемлекеттік тілдің өзектілігі мен басымдылығын түсіндірдім. Біз онымен әңгіме жүргізіп, жұмыс жасадық. Оған айыппұл салынды”, - деді Барменқұлов.

Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie