Чемпиондардан гол шоуы: «БИИК-Шымкент», «Қызылжарды» тас-талқан етті


Қазақстан әйелдер футбол чемпионатының жаңа маусымын «БИИК-Шымкент» командасы сенімді жеңіспен бастады.
Шымкенттік арулар бірінші турда «Қызылжар» командасын 9:0 есебімен ойсырата ұтты.
Бірінші таймда-ақ қазіргі чемпиондар алты жауапсыз гол соғып, ойын тағдырын шешіп тастады. 8-минутта Бурова есеп ашты, ал 10-минутта Габелия есепті еселеді. Кейіннен Нұрышева (21-минут, пенальтиден), Джеймс Аша (26'), Оволаби (35') және Адесина (37') мергендік танытты.
Екінші таймда да «БИИК» басымдықты қолдан шығарған жоқ. 49-минутта Габелия дубль жасап, жетінші голды соқты. 66-минутта Құлмағамбетова есепті 8:0-ге жеткізсе, 81-минутта Тұрлыбекова соңғы нүктені қойды.
Қазақстан. QFL League Women. 1-тур
«БИИК» – «Қызылжар Ж» – 9:0
Голдар: Бурова (8), Габелия (10, 49), Нұрышева (21, пен.), Джеймс Аша (26), Оволаби (35), Адесина (37), Құлмағамбетова (66), Тұрлыбекова (81)
Келесі турда, 21 сәуір күні, «БИИК-Шымкент» сырт алаңда «Астанаға» қарсы ойнайды, ал «Қызылжар» өз алаңында «Ұлытауды» қабылдайды.

Басқа спорт түрлері
Бүгін 06:18

Футбол
Бүгін 01:42

Бокс
Бүгін 01:19