locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылды

Чемпиондар Лигасының жеребесі тартылды

Монакода Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің жеребесі тартылды. Биыл турнирге жаңа жүйе бойынша ойнайтын 36 команда қатысады.

Турнирге алғаш рет 36 клуб қатысады, командалар 4 себетке бөлінді.

Жалпы кезеңде әр команда 8 матч өткізеді: 4- өз алаңында және 4-сырт алаңда. Әр клуб үшін 8 қарсыласпен ойнайды.

Барлық 36 клуб жалпы кестеге енгізіледі. 1/8 финалға алғашқы 8 орынды иеленген тікелей жолдама алады. 9-дан 24-ші орынға жайғасқан клубтар түйіспе матчтарын өткізеді. 25-36 орын алған командалар үшін еурокубок маусымы аяқталады.

«Манчестер Сити» қарсыластары:«Интер», «ПСЖ», «Брюгге», «Ювентус», «Фейеноорд», «Спортинг», «Спарта», «Слован».

«Интер» қарсыластары:«РБ Лейпциг», «Манчестер Сити», «Арсенал», «Байер», Црвена Звезда», «Янг Бойз», «Монако», «Спарта» Прага.

«Бавария» қарсыластары:«ПСЖ», «Барселона», «Бенфика», «Шахтер», «Динамо» Загреб, «Фейеноорд», «Слован», «Астон Вилла».

«РБ Лейпциг» қарсыластары:«Ливерпуль», «Интер», «Ювентус», «Атлетико»,«Спортинг», «Селтик», «Астон Вилла», «Штурм».

«Боруссия Дортмунд» қарсыластары:«Барселона», «Реал Мадрид», «Шахтер», «Брюгге», «Селтик», «Динамо» Загреб, «Штурм», «Болонья».

«Барселона» қарсыластары:«Бавария»,«Боруссия» Дортмунд, «Аталанта», «Бенфика», «Янг Бойз», «Црвена Звезда», «Брест», «Монако».

«Реал Мадрид» қарсыластары:«Боруссия» Дортмунд, «Ливерпуль», «Милан», «Аталанта», «РБ Зальцбург», «Лилль», «Штутгарт», «Брест».

«Ливерпуль» қарсыластары:«Реал Мадрид», «РБ Лейпциг»,«Байер», «Милан», «Лилль», ПСВ, «Болонья», «Жирона».

ПСЖ қарсыластары:«Манчестер Сити», «Бавария», «Атлетико», «Арсенал», ПСВ, «РБ Зальцбург», «Жирнона», «Штутгарт».