locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпиондар Лигасы Q4 нәтижелері: Швейцарияда гол көп, Зальцбург жеңіспен қайтты

Чемпиондар Лигасы Q4 нәтижелері: Швейцарияда гол көп, Зальцбург жеңіспен қайтты

21 тамызда 2024/25 Чемпиондар Лигасына іріктеудің 4-ші кезеңі (Q4) аясында матчтары өтті.

Украинанлық “Динамо Киев" клубы австриялық "Зальцбургтен" жеңіліс тапты(2:0)."Зальцбург" алғашқы мүмкіндігін пайдаланып, Доргелес Нене бірінші голдың авторы атанды. Екінші таймда украиндық клубтың қорғаушысы айып алаңында ереже бұзды. Мауриц Кьегор пенальтден есепті еселеді.

Швейцариялық "Янг Бойз" мен түркиялық "Галатасарай" арасындағы ойын өте нәтижелі болды. Матч барысында қонақтар 2:2 есебімен ойынды теңестіре алғанымен, “Янг Бойз”3-2 есебімен жеңіске жетті. "Галатасарай" сапынан Миши Батшуайи екі рет ерекшеленді, дегенмен бұл жеткіліксіз болды. Ал алаң иелері сапынан Джоэль Монтейро екі гол соқты және голды Филип Угринич пенальтиден соқты.

Шведтік “Мальме” чехиялық “Спартадан" өз алаңында 2:0 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші таймда Йенс Ларсен өз қақпасына гол соғып алды. Матч соңында Матей Ринеш өз командасының артықшылығын екі есеге арттырды.

Даниялық "Митьюлланд” пен "Слован" арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірінші таймда голдар болмады. Екінші таймда “Слован” командасының қорғаушысы Сезар Блэкман есеп ашты. 79-шы минутта “Митьюлланд” ойыншысы Едвард Чулуфья гол соғып, есепті теңестірді.

Чемпиондар Лигасына іріктеу, Q4 2024/25

Алғашқы матчтар, 20 тамыз

Динамо Киев (Украина) - Зальцбург (Австрия) – 0:2

Голдар: Нене, 29, Чергород, 50 (пенальти)

Янг Бойз (Швейцария) - Галатасарай (Түркия) - 3:2

Голдар: Монтейру, 3, 45+4, Угринич, 86 (пенальти) – Батшуайи, 67, 72
Алаңнан қуылды: Бардакчи, 84

Мальме (Швеция) - Спарта Прага (Чехия) – 0:2

Голдар: Ларсен, 31 (автогол), Ринеш, 89

Митьюлланд (Дания) – Слован (Словакия) - 1:1

Голдар: Чилуфья, 79-Блэкман, 59