locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпиондар Лигасы. Бавария Динамо Загребті ойсырата жеңді, Ливерпуль, Реал, Спортинг жеңіске жетті

Чемпиондар Лигасы. Бавария Динамо Загребті ойсырата жеңді, Ливерпуль, Реал, Спортинг жеңіске жетті

17 қыркүйекте Чемпиондар Лигасы басталды. Кешкі уақытта төрт матч өтті.

Харри Кейн "Бавария" сапында төрт гол соқты, ал Майкл Олисе Чемпиондар Лигасындағы алғашқы матчында дубль жасады.

Сонымен қатар, Доминик Собослаи "Ливерпуль" сапында Чемпиондар Лигасында алғаш рет гол соқты. Килиан Мбаппе "Реал" үшін Еуропадағы ең беделді турнирде алғаш рет гол соқты, ал қартаймайтын Лука Модрич өз есебіне нәтижелі пас жазды. "Спортинг" шабуылшысы Виктор Дьокереш те Чемпиондар Лигасында алғаш рет гол соғып көзге түсті.

"Бавария" – "Динамо" Загреб – 9:2

Голдар: Кейн, 19 (1:0). Герреро, 33 (2:0). Олисе, 38 (3:0). Петкович, 49 (3:1). Огивара, 50 (3:2). Кейн, 57 (4:2).
Олисе, 61 (5:2). Кейн, 73 (6:2). Кейн, 78 (7:2), Сане, 85, Горецка, 90+2.

"Милан" – "Ливерпуль" – 1:3

Голдар: Пулишич, 3 (1:0). Конате, 23 (1:1), Ван Дейк, 41 (1:2). Собослаи, 67 (1:3).

"Реал" Мадрид – "Штутгарт" – 3:1
Голдар: Мбаппе, 46 (1:0). Ундав, 68 (1:1). Рюдигер, 83 (2:1), Эндрик, 90+5 (3:1).

"Спортинг" – "Лилль" – 2:0
Голдар: Дьокереш, 38 (1:0). Дебаст, 65 (2:0).

Алаңнан қуылды: Гомес, 40 ("Лилль").