locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпиондар лигасы басталды: Ювентус пен Астон Вилла сенімді жеңіске жетті

Чемпиондар лигасы басталды: Ювентус пен Астон Вилла сенімді жеңіске жетті

17 қыркүйекте 2024/2025 маусымының жаңа Чемпиондар лигасы басталды.

Бірінші айналымның алғашқы матчтарында итальяндық “Ювентус” пен голландиялық ПСВ Эйндховен, сондай-ақ швейцариялық “Янг Бойз” мен ағылшындық “Астон Вилла” кездесті.

Бұл кездесулерде фавориттер жеңіске жетті. Туриндіктер ПСВ командасын 3:1 есебімен ұтса, бирмингемдіктер 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Чемпиондар Лигасы. 1 тур

“Ювентус” – “ПСВ” – 3:1

Голдар: Йилдиз, 21, Маккенни, 27, Гонсалес, 52.

“Янг Бойз” – “Астон Вилла” – 0:3

Голдар: Тилеманс, 27, Рэмзи, 38, Онана, 86.

Сонымен қатар, біз түрік жартылай қорғаушысы Йылдыздың Чемпиондар Лигасында “Ювентус” үшін тарихи гол соққанын да хабарлаған болатынбыз.

Бүгін түнде “Бавария” – “Динамо” Загреб, “Милан” – “Ливерпуль”, “Реал” Мадрид – “Штутгарт” және “Спортинг” – “Лилль” арасындағы кездесулер өтеді.