locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Чемпиондар лигасы: Барселонаның алғашқы жеңілісі, Арсеналды қақпашы құтқарды, Атлетиконың жеңісі

ФОТО: UEFA Champions League

Қыркүйектің 19-нан 20-на қараған түні Чемпиондар лигасының 2024/25 маусымдағы бірінші турының финалдық ойындары өтті.

“Барселонаның” биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісі француздық “Монакодан” болды– 2:1. Матчтың алғашқы минуттарында-ақ каталондық клубтың қорғаушысы алаңнан қуылды. Монегасктар мүмкіндікті пайдаланып, бірінші болып есеп ашты. Алайда біраз уақыттан кейін Ламин Ямаль гол соғып,есепті теңестірді. Екінші таймда француздар қысымды жалғастырып, нәтижесінде мақсатына жетті. Клубқа жеңісті Джордж Иленихеннің голы әкелді.

Итальяндық “Аталанта” мен ағылшындық “Арсенал” татулықпен тең тарқасты – 0:0. Матчтағы маңызды эпизод пенальти болды. Лондондық клубтың қақпашы Дэвид Рая 11 метрлік нүктеден бағытталған допты қайтарып, командасын ықтимал жеңілістен құтқарды.

“Атлетико Мадрид” неміс “Лейпцигімен” ойында жеңісті жұлып алды. Қонақтардан келген шабуылшы Бенджамин Шешко төртінші минутта гол соғып, испандықтарды қапы қалдырды. Жауапты голды мадридтік клуб көп күттірген жоқ. Антуан Гризманн қарсыластар қақпасына гол соғып, есепті тең дәрежеге жеткізді. Көптеген іске асырылмаған мүмкіндіктерден кейін “Атлетико” ойынның соңында жеңіске жетті. Қорғаушы Хосе Хименес жеңісті гол соғып, стадиондағы жанкүйерлерді дүр сілуіндірді.

Француздық “Брест” клубы австриялық “Штормды” минималды түрде ұтты, матчтың қорытынды есебі 2:1 болды. Бірінші таймда француздар ғана гол соқты: алдымен өзгенің қақпасына, сосын өз қақпасына гол соқты. Матч тең аяқталатын сияқты көрінгенмен, алаң иелері екінші голды соғып, матч жеңімпазының сұрағын жапты.

Чемпиондар Лигасы, 1-тур, 19 қыркүйек

“Монако” – “Барселона” – 2:1 (1:1)

Голдар: Аклиуш, 16 (1:0), Ямаль, 28 (1:1), Иленихена, 72 (2:1)

Алаңнан қуылды: Гарсия, 11

“Аталанта” – “Арсенал” – 0:0 (0:0)

“Атлетико Мадрид” – “Лейпциг” – 2:1 (1:1)

Голдар: Шешко, 4 (0:1), Гризманн, 28 (1:1), Хименес, 90 (2:1)

“Брест” – “Штурм” – 2:1 (1:1)

Голдар: Магнетти, 23 (1:0), Фернандес (автогол), 45+1 (1:1), Сима, 56 (2:1)